Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Ұсталды, Алматы, ер адам, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 16:56 Сурет: pexels
Алматының Медеу ауданында түнгі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күмәнді әрекет еткен ер адамды байқап, тексеру жүргізді. Тексеру барысында ол қалтасында синтетикалық есірткі салынған түйіншек бар екенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Тәркіленген зат заң талаптарына сәйкес сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Сонымен қатар полицейлер оның есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен 10-қабаттан құлап кеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: