Халық ақыны Әзірбаевтың қызы, ұлағатты ұстаз Төрткен Кененқызы өмірден озды

Төрткен Кененқызы, Кенен Әзірбаев, қызы, ұлағатты ұстаз, өмірден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 17:56 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның мәдениет қайраткері, халық ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Төрткен Кененқызы 90 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бөлісіп, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, барша шәкірттері мен зиялы қауым өкілдеріне, туған халқына қайғырып көңіл айтты:

"Төрткен Кененқызы саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға арнаған тұлға еді. Ол ұзақ жылдар бойы білім беру саласында табанды еңбек етіп, талай шәкірттің бойына ана тілі мен әдебиетке, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік дарытты. Халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың перзенті ретінде әке аманатына ерекше адалдық танытты. Кененнің ән-жырларын жинап, зерттеп, кейінгі буынға жеткізуге өлшеусіз үлес қосты.Төрткен Кененқызының өнегелі өмірі, ұстаздық ұлағаты, өнерге деген адалдығы мен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі кейінгі буын үшін әрдайым үлгі-өнеге. Асылдың сынығы болған ардақты ананың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!".

Бұған дейін белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаевтың өмірден өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: