"Өртеңде өнген гүл". Алматыда зұлмат заманның шындығы туралы кітап жарық көрді

Сурет: видеодан алынды
Кітап халқымыздың асқақ рухты қызы Фатима Ғабитованың өмірі жайында. Кейіпкердің естеліктерінен құралған кітап өткен ғасырдың І жартысында қазақ халқының басына түскен зұлмат заман туралы тың деректермен ерекшеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сиясы кеппеген кітапқа Фатима Ғабитованың күнделіктері мен өлеңдері енген. Фатима Ғабитова 1903 жылы Қапалдағы көпес отбасында дүниеге келген. Қыздарға арналған орта мектепті бітіріп, филология факультетінде білімін жалғастырады. Оның жастық шағы тар заманмен тұспа-тұс келді. Қазақтың ардақты азаматтары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтың жары болды. Фатима Ғабитованың өмірбаяндық естеліктері 1930-жылдардағы қазақ зиялылары көрген ауыртпалықтың дәлелі болып табылады. 3 мың тиражбен шыққан кітаптің алғы сөзін академик Мұхтар Құл-Мұхаммед жазған, деп хабарлайды "Хабар 24".    

Кітап тың деректерімен ерекше. Басылымда ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында орын алған ұлт азаттық қозғалыс, азаматтық соғыс, ашаршылық, сталиндік репрессия сынды саяси оқиғалардың шындығы егжей-тегжейлі суреттеледі.


"Бұл кітап арқылы фильм түсірсек те немесе мұраттанушылар, Фатима Зайноллақызының өмірін зерттеймін деушілер болса, өте көп құнды дүниелер осы кітаптың соңғы, қазір менің қолымда ұстап тұрған басылымда қамтылды"."Атамұра" корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед

Фатима Ғабитова туралы алғашқы кітап 1998 жылы "Атамұра" баспасынан басылып, оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болған. Жаңа деректермен толыққан екінші кітап Фатима Зайноллақызының туғанына 120 жыл толуына орай жарық көрді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды