"Жұлмалап, жұлқылап". Алматыға келген түрік актері Буракты жанкүйерлер шошытып жіберді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде түріктің танымал актері Бурак Озчивиттің Алматыдағы фан-кездесуі кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қыркүйекте Алматыда түрік актері Бурак Озчивиттің фан-кездесуі өтті. Кездесу кезінде түсірілген видеолар желіде пайда болды.

Соның бірінде шетелдік актермен суретке түскісі келгендердің таласы сипатталған. Өзіне қарай жүгірген жергілікті жанкүйерлер актерді шошытып жіберді. Суретке түсуге асыққандар оның киімінен тартқылап та есін шығарды. 

Негізі, актер орындықта отырып, адамдар сұрағына жауап беруі керек болған. Алайда онымен бірге суретке түскісі келгендер толастамаған. Ал осы кездесуді ұйымдастырғандар қалың адамды тоқтата алмаған.  

Желіде пікір қалдырушылар шетелдік қонақтарды елімізде қабылдау мәдениетінің төмендігін сынайды. 


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті