Корей тілінде ән шырқайтын 23 жастағы қазақ әншісін Сеул өзіне тартқысы келеді

Сурет: видеодан алынды
Нұрқанат Тәпиев Сеулдегі мемлекеттік театр сахнасында корей, ағылшын және итальян тілдерінде ән шырқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 жастағы опера әншісі Оңтүстік Корея сахнасына алғаш рет өткен жылдың соңында шыққан болатын. Қазір солистің репертуарында нақышына келтіріп орындайтын 10-нан астам корей әні бар. Нұрқанат биыл Қазақ өнер университетін және "Астана Опера" халықаралық академиясын тәмамдаған. Қазір ол корей тілін үйреніп жүр, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Пандемия аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастық жандана түсті. Мен Қазақ ұлттық өнер университетінде корей музыкасынан сабақ беруді жоспарлап отырмын. Ал Нұрқанат корей сахнасында өнерін жалғастырады. Ол корей тілінде өте жақсы ән айтады. Біз оны әйгілі тенор ретінде бүкіл әлемге танытуға тырысамыз". Корейдің опера әншісі Лим Чон Хва


"Болашақта осы кәріс тілін үйреніп, бұл жерде оқу наурыз айынан басталады екен. Сол себепті наурыз айында, бәлкім бір, әлі айтып айтқан жоқпын, бірақ бір жерге, бір университетке үлкен магистратураға түсуге үміттімін". Қазақ опера әншісі Нұрқанат Тәпиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді