Димаш президент сыйлаған тазыға "Ғарышкер" деп ат қойды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бұл туралы әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған жануармен бірге түскен фотосын жариялады. Ол қазір Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және оны халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқанын да жазды.

"Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған "Жеті қазынаның" бірі. Қазір Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. "Тазы" атауы парсы тілінен енген, "шапшаң", "епті" деген мағынаны білдіреді. Осындай баға жетпес сыйлық үшін президентімізге алғыс! Тазыға "Ғарышкер" деп ат қойдық".Димаш Құдайберген

24 қазанда Димаш Құдайберген Қазақстанның халық артисі атағын алды. Марапаттау рәсімінен кейін әнші өз әсерін бөлісті. Оның айтуынша, бұл марапат туралы ол президентпен бірге ұшқанда білген.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды