Дәл қазір бойжеткен жарысқа қатысушыларды дайындауға арналған арнайы лагерьде өзінің жұлдызды сәтін күтуде. Біз Томириспен хабарласып, оның байқауға дайындығы, көңіл-күйі мен толқынысы туралы біліп, оны әңгімеге тарттық.
– Томирис, "Ғалам аруы" халықаралық байқауына дайындығың қалай жүріп жатыр?
– Эль-Сальвадор астанасы — Сан-Сальвадорда жүргеніме, міне, екі аптадай уақыт болды.
Бізде жалпы 85 қатысушы бар. Қытай және Қырғызстандағы байқаудың жеңімпаздары "Ғалам аруы" байқауына қатыспайтын болғандықтан бөлмеде жалғыз тұрамын. Қырғызстан аруымен бір бөлмеде тұруым керек болған, ал Қырғызстан өкілдері қатысудан ертерек бас тартқанда менің қасыма басқа бір елдің аруын орналастырар еді. Бұйырғаны осы болды. Мен жалғыз тұрамын және оның артықшылығы көп, бөлме толығымен менің иелігімде, сондықтан маған ыңғайлы, киімдерімді жайғастырып қойдым. Ал басқа қыздарға сәл қиынырақ, бөлмені бөлісе алмай, заттарына орын жетіспей жатыр.
Алғашқы екі күнде киім өлшеу және тіркеу шаралары болды, онда түрлі сұрақтарға жауап бердік, жазбаша да, видео форматта да өтті. Сондай-ақ фотосессия және басқа да шаралар болды. Мұның барлығы қатысушыларды жақсы тануға, тұлға ретінде талдау үшін және шоу барысында сахнада таныстыру үшін де қажет. Киім өлшеу кезінде бізге түрлі киім-кешек берілді, мысалы шомылу киімі және кешкі көйлектер, өйткені шоу кезінде шомылу киімімен дефиле көрсету жоспарланған. Бұл әр қыздың ең бірінші сахнаға шығуы, бұл сәтте әрқайсысы өз елін айқайлап тұрып, зор мақтанышпен айта алады.
Екі күн тіркеуден өткеннен кейін бізде экскурсиялар басталды. Біз қаланың көрікті жерлерін аралап, жергілікті әдет-ғұрып пен мәдениетімен таныстық. Әдетте, бізді адамдар көп болып кетпес үшін әртүрлі шараларға түрлі топтармен жібереді. Әр топтың өз бағдарламасы болғандықтан, мен, өкінішке қарай, барлық экскурсияға қатысып, көрікті жерлердің бәрін бірдей аралай алмадым.
Сурет: Miss Qazaqstan байқауын ұйымдастырушы комитет
– Жаңа мәдениет пен ортаға қалай бейімделдің?
– Сан-Сальвадор — өзіндік ерекшелігі бар өте қызықты қала. Жергілікті тағамдармен танысу үшін күн сайын бізді кешкі асқа әртүрлі жерлерге апарады. Мені осы туралы біраз уайымдадым, өйткені мұнда экзотикалық тағамдар, ол бәріне ұнай бермейтіні анық, бірақ мен бекер уайымдаған екенмін, өйткені маған бәрі ұнап жатыр. Мен күнде жаңа піскен жемістерді жеуге тырысамын, бірақ өзім білетін жемістерді ғана жеймін. Экзотикалық жемісті жеп, тәжірибе жасауға бата алмай жүрмін.
Мұнда өте ыстық және өте ылғалды. Климаттың ерекшеліктеріне байланысты тіпті аздаған проблемалар болды – бетімдегі макияжым езіліп, жайылып кетті, ал шаш үлгім бірден отырып қалды. Бұл ауа-райы маған мүлдем сәйкес келмейді екен, сондықтан мен өзімді сәл ыңғайсыз сезінемін. Соған қарамастан, мен байқау ұйымдастырушыларына өте ризамын, өйткені біз қай жерде болсақ та, қандай жағдай болмасын, бізге әрқашан қолайлы жағдай, демалуға мүмкіндік және уақытылы тамақ беріледі. Тіпті экскурсиядан кешігіп келген кездер де болды – ол кезде біз үшін арнайы фуршет ұйымдастырылды.
– Саған айналаңдағы адамдар ұнады ма? Біреумен достаса алдың ба?
– Ұйымдастырушылар жалпы ақпаратты жеткізуге ыңғайлы болу үшін бізді топтарға бөлді. Әр топтың жауапты супервайзері бар. Мен Ресей, Болгария, Латвия, Польша өкілдерімен бірге болдым. Бұл мен үнемі байланыста болатын команда. Супервайзер бізге әр күннің кестесін жіберіп, қайда және не үшін баратынымызды түсіндіреді, не киген дұрыс екенін айтады және басқа мәселелерде көмектеседі.
Топтағы қыздар мен осында танысқан алғашқы арулар, сәйкесінше, қазір олармен басқаларға қарағанда жақынырақ араласамын. Осыған қарамастан мен көптеген адамдармен дос болуға тырысып жүрмін - тіпті олардың барлығын тізімге сыйғыза алмаймын. Әсіресе, Никарагуа, Панама, Гондурас, Франция, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Малайзия, Лаос елдерінің өкілдері есімде. Осы елдердің қыздарымен достасып үлгердік, ортақ дастархан басында, экскурсияларда жиі кездесіп тұрамыз.
Сурет: Miss Qazaqstan байқауын ұйымдастырушы комитет
– Көңіл-күйің қалай, елден алған әсерің қандай?
– Маған бұл жер өте ұнады және әсіресе жергілікті тұрғындарды атап өткім келеді – бір қарағаннан-ақ мұндағылар қонақжай, жылы, жүрегі ашық екені көрініп тұр. Олардан қызығушылық, нәзіктік, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезуге болады. Тіпті бізбен бірге барлық жерде бірге жүретін, мақтау сөздерін айтып, үлкен қолдау көрсететін жанкүйерлер тобы бар! Жалғыз қиындық - тұрғындардың көпшілігі тек өздерінің ана тілі латындық испан тілінде сөйлейді, ағылшын тілін білмейді. Тіпті испан тілінде сөйлейтін Оңтүстік Американың өкілдері бұл тілде әртүрлі диалекттер бар болғандықтан Сальвадор тұрғындарын әрдайым түсіне бермейді.
– Жарыс алдындағы ішкі сезімің?..
– Барлығы керемет. Мен жеңіске жетуге бел байлап отырмын және Қазақстанды ірі халықаралық сахнада таныстыратыныма өте қуаныштымын, ол мен үшін мақтаныш. Мен үшін тілекші болыңыздар, жерлестер, мен елге жеңіспен оралуға тырысамын!
Томирис Заирдің толық сұхбатын "Қазақстан Аруы" Ұлттық сұлулық байқауының сайтынан оқып білеуге болады.
Сурет: Miss Qazaqstan байқауын ұйымдастырушы комитет