Театр актеры Австралияда өткен халықаралық фестивальдің жүлдегері атанды

Сурет: unsplash
Астанадағы музыкалық жас көрермен театрының актеры Әлішер Исмаилов Австралияда өткен кинофестивальде "Ең үздік жаңа орындаушы" номинациясы бойынша жүлде жеңіп алған. Актер байқауда режиссер Дархан Төлегеновтің "Ағайындылар" фильмінде сомдаған ролі үшін марапат алды.

Дегенмен актердың өзі бұл жаңалықты Алматыдағы 5571- әскери бөлімде отан алдындағы борышын өтеп жүргенде білген. Жаңалықты командирі айтыпты. Бүгінде Әлішер әскери борышын абыроймен атқарып келді, оны вокзалдан әріптестері мен жақындары күтіп алды. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.

"Жаңалықты сол кезде командирім айтты. Ол кісі оны телефоннан, Instagram-дағы рекомендациядан көрген", - дейді актер Әлішер Исмаилов.

Ұстазы, "Музыкалық жас көрермен театрының" директоры Асхат Маемиров Әлішердің "Ағайындылар" фильміндегі рөлі осыған дейін 7 бірдей халықаралық конкурста үздік атанғанын еске салды. Дегенмен бұл кинофестивальдің орны бөлек. Себебі бұл сыйлықты "Азия оскарына" балауға болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті