Биыл қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл

Сурет: Facebook/Сәуле Исанова
Әлемді әнмен тербеткен ұлы дала дүлдүлі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай Алматыдағы орталық музейде көрме ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда әншіге тиесілі 30-ға жуық жәдігер бар. Оның көбін Қашаубаевтың туыстары әкеліп өткізген. Көрмеге келушілер, әсіресе, түпнұсқа күйінде сақталған әншінің жеке құжаттары мен домбырасына қызығушылық танытты. Мәселен, көрмедегі айна Францияға сапары кезінде сатып алған екен. Әміре Қашаубаев - шетелде ән салған алғашқы қазақ. 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде "Балқадиша", "Ағаш аяқ", "Бесқарагер", "Дудар-ай", "Жалғыз арша", "Үш дос", "Смет", "Қараторғай" әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырды. Көрменің ашылуында дәстүрлі әншілер Әміренің өзі сүйіп айтқан шығармаларын орындап берді, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Сол кезде алып жүрген домбырасы , чемоданы, сол кездегі Мәдениет министрлігі бұйрығымен шығарылған пластинкасы мұрағаттық материалдар негізінде құралып отыр. Сонымен қатар, Әміре Қашаубаевтың өзінің Мәскеуге, Парижге барған кезінде сыртқа шығаруға арналған шетелдік төлқұжаттары сақталған". Мемлекеттік орталық музейдің этнология бөлімінің қызметкері Арайлы Балаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды