Нұрлан Сабыров "Канделакимен телефон арқылы сөйлесті" деген ақпаратты түсіндірді

Cурет: instagram/nurlan__saburov
Стендапшы, әзілкеш Нұрлан Сабыров әлеуметтік желіде тараған ресейлік журналист Тина Канделакимен телефон арқылы сөйлескен деген аудиожазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында әлеуметтік желілерде тарап жатқан әңгіменің жазбасын жоққа шығарды.

"Тинамен телефон арқылы сөйлескен деген ақпарат жалған. Сондықтан қолдауларыңызға рақмет. Баршаңызға тыныштық пе. Қазақстан, Алға", - деп жазды Нұрлан Сабыров Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Нұрлан Сабыров пен Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлесті деген аудиожазба пайда болды. Онда журналист әзілкештен "өзіне және Ресейге пайдалы" пікір білдіруін сұраған.

Жуырда ғана өзінің Telegram арнасында Тина Канделаки Қазақстанда бірнеше вокзалдың аты өзгергенін жазып, "Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп мәлімдеді. Мұнан соң ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тележүргізушінің бұл сөздері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, журналист Қазақстанға келгісі келсе де, елге кірмейді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды