Журналист, жазушы Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 95 жыл

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін журналист, жазушы әрі аудармашы Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 95 жыл толды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазушы шығармашылық жолын 1950 жылы "Социалистік Қазақстан" газетінен бастады. Кейін бөлім меңгерушісі, "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қаламгердің "Алыптың адымы", "Қарағанды оттары", "Менің Қазақстаным" сынды кітаптары жарыққа шыққан. "Кездесу күні" кітабына жазушының соңғы жылдардағы естеліктері мен аудармалары енген. Бұдан бөлек, Әбілмәжін Жұмабаев аудармашы ретінде де еңбек етті.

Ол Л.Толстой, И.Тургенев, М.Горький, К.Паустовскийдің туындыларын, "Араб жазушыларының әңгімелері" жинағын, "Үш ноян", "Граф Монте Кристо" сынды шығармаларды аударды. Жазушы әдебиет саласында ерен еңбегі үшін "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.

Әбілмәжін Жұмабаев 2013 жылы наурызда дүниеден өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды