Димаш Құдайберген бейнебаян түсіру кезіндегі қызықты тәжірибесімен бөлісті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Танымал әнші Димаш Құдайберген 2024 жылы 28 мамырда Smoke әніне бейнебаян түсіру кезіндегі қызықты тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы жеке парақшасында әнші 29 мамырда Астана уақытымен сағат 20.00-де YouTube арнасында "Smoke" әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері болатынын қуана хабарлайтынын жеткізді.

"Бұл - біздің американдық және қазақстандық музыкалық бейнережиссерлердің ынтымақтасуынан пайда болған жаңа шығармашылық жұмысымыз. Бұл біз үшін ерекше тәжірибе болды. Сол себепті, біздің оқиғамыз сіздерге ұнайды деген сенімдемін. Барлықтарыңызды YouTube арнамда күтемін, назарларыңызға рақмет!", деп жазды Димаш.

Димаштың жанкүйерлері аталған бейнебаянды асыға күтіп жүргендерін жарыса жазып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қырғызстанда Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін 732 метрлік әйнек көпір салынады