Министрдің пікірінше, мәдениет қайраткерлерінің міндеті - рухани құндылықтарды алып жүру және мәдениетті қалыптастыру.
"Егер біз қазір сахнада алкоголь немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат берсек, нәтижесі қандай болмақ? Сондықтан, біз қазір сахнаға деген құрмет мәселесін көтеріп жатырмыз. Ең алдымен, сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы табыс тапқан кез келген орындаушы көрерменін құрметтеуі керек", – деді спикер.
Бұл тыйым ел сахнасында өнер көрсететін шетелдік әртістерге де қатысы бар ма?
"Әрине. Олар біздің мемлекетіміздің аумағында өнер көрсетеді, сондықтан олар біздің заңдарымызды құрметтеп, сақтауы тиіс", – деп түйіндеді Балаева.
7 наурызда Қазақстанда балағат сөздер айтқаны үшін жазаны қатаңдататын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер қолданысқа енгізілді.