Баян Алагузованың үлкен қызы үшінші мәрте "ана" атанбақ

Сурет: Instagram/aissaulebakytbek
Қазақстандық продюсер Баян Алагузованың үлкен қызы-Айсауле Бақытбек үшінші баласына аяғы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 15 шілдеде Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Блогер әдемі көйлекпен дөңгеленген ішін көрсеткен бейнені жариялады. Кадрларда Айсәуле Бақытбектің теңіздегі ақ яхтада екенін аңғаруға болады.

"1+1= 5 болады екен", – деп жазды ол посттың астына.

Оқырмандары жаңалыққа таңқалыстарын жасырмай, Айсәулеге дені сау бала мен жеңіл босануды тіледі.

Айсәуле Бақытбек Әлішер Қайдаровпен шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптылар бүгінде екі қыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді