Ерке Есмаханнан оқырмандары жас Raim-ды өзіне қалай қаратып алғандығын сұрады

Сурет: Instagram/aidyn_nury
2024 жылдың 24 шілдесінде Ерке Есмаханнан оқырмандарының бірі жас әрі сымбатты Райымбек Бақтыгереевті (сахналық аты Raim) өзіне қалай қаратып алғандығын сұрады. Айта кетейік, жұбайлардың жас айырмашылығы 12 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.

39 жастағы әнші жауап ретінде оқырманына қарсы сұрақтар қойды.

"Қыздар неге самооценкаларыңыз төмен? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, сымбатты, атақты, лауазымды адам, тағы басқасы болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяимынше".

Ерке өзінің күйеуімен 2018 жылы танысқандығын айтты.(уақытпен салыстырсақ танысқан кездерінде Raim-22 жаста, Ерке-34 жаста)

"Таныстық, сөйлестік, арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте бір бірімізден алшақтағымыз келгенімен, бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір!. Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді".

Сондай-ақ, ол қыздарға миларын бос нәрселермен толтырмай, бақытты өмір сүруге кеңес берді.

Сурет: Instagram/erke_esmahan

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді