Қоянбаев пен Қабатов Масляковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Сурет: Instagram/kvnofficial
8 қыркүйекте Ресейдің танымал тележүргізушісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Масляковтың қайтыс болғаны туралы жаңалық жұртшылықтың көңіліне қаяу салды. Бұл ретте КВН-нің бұрынғы қатысушылары, қазақстандық шоумен Қоянбаев пен Қабатов өнер адамының жақындарына көңіл айтты.

Нұрлан Қоянбаев Instagram-да КВН жүргізушісімен мұрағаттық фотосурет жариялады, оның астында: "Александр Васильевич Масляков! Аңыз адам! Қош болыңыз!", деп жазды.

Сондай-ақ, Тұрсынбек Қабатовта мұрағаттық суретпен бөлісті. Жазбада Масляковқа ерекше алғысын білдірді.

"Барлығы үшін рахмет, Александр Васильевич: ойын үшін, жастық шақ үшін, отбасы үшін, достар үшін, әзіл үшін, мүмкіндіктер үшін", – деп жазды Тұрсынбек.

Масляковқа арналған жазба астында оқырмандар да қайғыра көңіл айтты:

Бұған дейін 8 қыркүйекте 82 жасында Ресейдің танымал тележүргізушісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Масляковтың қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады