MK.ru сайтының мәліметінше, режиссер Андрей Кончаловскийдің бұрынғы әйелі 6 қыркүйекте саяжайда үй жұмыстарымен жүргенде құлап, жарақаттанған. Бастапқыда 77 жастағы актриса денесіндегі ауырсыну белгілерін елемеген. Бірақ 11 қыркүйекте денедегі зақымданған орыны қатты ауыра бастаған. Қазір актриса ауруханада жатыр, дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетсек, Орынбасароваға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы 1997 жылы берілген болатын. Ол Мәскеуде дүниеге келген, бірақ Алматының хореографиялық мектебінде оқыған, одан соң Үлкен театрдағы академиялық хореографиялық училищеге аттанады. Актриса алғаш рет Шыңғыс Айтматовтың "Тұңғыш мұғалім" романының желісі бойынша Андрей Михалков-Кончаловский түсірген фильмде басты рөлді ойнайды. Осы фильмдегі басты рөлі үшін Орынбасарова Венецияда "Вольпи алтын кубогы" кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алды. Көп ұзамай ол Андрей Кончаловскийге тұрмысқа шықты. Бес жылға созылған бұл некеден актрисаның бір ұлы бар...