Димаш Құдайберген "Virtuosos" халықаралық байқауында қазылық етуде

Сурет: DimashNews.com
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан классикалық музыка әлеміне арналған бұл жоба биыл 10-мерейтойлық маусымын атап өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады. Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі. Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді, деп жазады dimashnews.com.

Мерейтойлық маусымның финалында қазылар алқасының құрамында төменде көрсетілген мамандар төбе көрсетуде:

Димаш Құдайберген бұл жобада екінші мәрте қазылық етуде. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған болатын.

Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің "Інжу жинаушылар" операсындағы Надир мен Зурганың "Au Fond du Temple Saint" дуэтін орындады.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді