Баян Алагөзованы Астананың наурыздағы ақ түтек бораны алаңдатуда

Фото: Zakon.kz
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова 2025 жылдың 12 наурызында Астанада өзінің авторлық шоуын өткізеді. Ол осы мақсатта бас қалада бірнеше күннен бері дайындық үстінде. Бұл ретте, Алагөзова елорданың боранына таңданысын жасырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2025 жылдың 10 наурызында Алагөзова қонақ үй терезесінен түсірілген шағын бейнені желіге жүктеді.

"Астанадағы ауа райын көрсеткім келіп тұр. Сұмдық боран. Көктем бұл жерде жүрек түбінде",- деді ол.

Бұған жауап ретінде журналист Динара Сәтжан да шағын бейне жазды.

"Ауа райы тамаша. Қазір Астанада жүрген досым Алагөзованы бұл күн райы аса қуанта қоймады. Дегенмен наурыз бас қалада осындай. Мұнда стресске төзімді адамдар ғана тұрады. Егер сіздің бизнес-серіктесіңіз Астаналық болса, онда бәрі керемет болады".

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 15 негізгі тас жол жабық күйінде қалып отырғанын жазған едік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді