Димаш Құдайбергеннің қарындасы көпшілікті өзінің нәзіктігімен тәнті етті

Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Таяуда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Instagram-дағы оқырмандарын нәзіктік лебі сезілетін сурет топтамаларымен тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Раушан суреттерді телефондағы галереяда босқа жатпасын деп, Instagram парақшасына жүктегенін айтты.

Оның нәзіктігі мен сұлулығы оқырмандарын бей-жай қалдырмады. Олар бойжеткенге жылы лебіздерін білдіріп, пікір жазды.

"Раушан күннен-күнге құлпырудасың! Бойыңдағы нәзіктік пен жүрегіңдегі тазалық қайталанбас үйлесім тапқан! Суреттер тек жылулық сыйлап тұр",- деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen

Раушан 2001 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан ол ағасы Димаш сияқты музыкаға қызығушылық танытқан. 2018 жылы Раушан Димашпен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік концертінде Селин Дионның "All by Myself" әнін орындап, сахнада дебют жасады.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы фан-кездесу жайлы басты сұраққа жауап бергендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды