"Шатырдағы екеу" фильмі халықаралық фестивальде тоғыз жүлдеге ие болды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық "Шатырдағы екеу" фильмі Мәскеуде өткен Fashion Film Festival фестивалінде тоғыз номинация бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқау кино мен визуал өнер саласындағы шығармашыл мамандардың басын қосты. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия, Армения және Израиль елдері қатысты.

Отандық туынды үздік костюм (Елена Айтова), үздік музыка (Виктор Сологуб), екінші пландағы үздік әйел рөлі (Ольга Ландина), операторлық жұмыс (Александр Плотников), дыбыс режиссурасы (Руслан Сакиев), басты әйел рөлі (Лидия Ярышева), үздік грим (Татьяна Жамбакеева), продюсерлік жұмыс (Алия Шарипбаева) және креативті концепция (Гүлшат Смағұлова) аталымдары бойынша марапатталды.

"Шатырдағы екеу" – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік жұмысы. Ол 15 жылдан астам кино өндірісі саласында жұмыс істеп келеді. Фильм өткен жылы қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шықты. Туындыда тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық баяндалады. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Кинотуынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Түсірілім Алматы қаласында және Алматы облысындағы Талғар ауданында өткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды