БҚО-дағы қазақ киносының онкүндігінде қандай фильмдер көрсетіледі

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Биыл 2 мамырда Батыс Қазақстан облысында қазақ киносының онкүндігі басталды. Іс-шара аясында БҚО тұрғындарына отандық киноның үздік туындылары мен қазақстандық режиссерлердің жұмыстары ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақтың қайсар қыздары Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың туған жерінде "Қара қыз" көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссер Талғат Теменовтың фильмі соғыс жылдарының шындығымен қатар қан майдан ортасында жанкешті ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылда жүріп қыруар еңбек еткен азаматтардың адами құндылықтарын баяндайды. 

Іс-шара аясында түрлі жанрдағы 14 фильм көрсетіледі. Атап айтсақ, "Жамбыл. Жаңа дәуір", "Дос-Мұқасан" фильмдері арқылы көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын көруге болады. Ал "Бауырына салу" деп аталатын кинода қазақтың дәстүрі анық көрсетіледі. Кішкентай көрерменге "Тайқазан" деп аталатын анимациялық туынды ұсынылады. Фильм көрсетілімдерінің арнайы кестесі жасалып, тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен ауылдарда да көрсетіледі.

Бұған дейін Қазақ киносының онкүндігі Қарағанды облысында өтіп, кейін Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасты. Алдағы уақытта бұл бастама еліміздің басқа қалалары мен ауылдық жерлерінде де ұйымдастырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды