Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар қатынауда

Сурет: dimashnews
Бразилияда автобустардың бірі Димаштың суретімен безендіріліп, қала көшелерімен жүріп өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш шара Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай әртістің бразилиялық фан-клубы ұйымдастырған "Dimash on the Road" акциясының аясында болады. Бұл жайлы әншінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл, екінші жыл қатарынан қалалық автобустардың бірі толығымен қазақстандық әншінің суреттерімен безендіріліп, Форталеза қаласының көшелерімен жүріп өтеді.

Сондай-ақ, автобуста "Әлемдегі ең ерекше дауыс!" деген жазу жазылған.

Әншінің фотосы мен ұранынан басқа, автобустың артқы жағында Димаштың 2021 жылғы Digital Show-да "Sos d’un terrien en détress" әні бар QR коды берілген.

Сурет: dimashnews

Сонымен қатар, автобуста Димаштың 2025 жылға арналған концерттері жарияланған Барселона, Берлин және Лондон сияқты қалалар көрсетілген.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Лара Фабианмен дуэт орындайтындығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады