Димаштың інісінің өнері көпшілікті таңдай қақтырды

Сурет: ru.dimashnews.com
Кәсіпкер әрі әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы туған інісі Мансұрдың алғашқы концертінен фотосуреттер мен бейнероликтер жариялады. Раушан сахнада және сахна артында не болып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мансұр Құдайбергеннің алғашқы шығармашылық кеші 2025 жылдың 18 мамыры қарсаңында Астанада өтті.

"Мансұртайымның Темірлан-Ернат ағаларымен берген алғашқы шығармашылық кешінен естелік. Бәрі керемет өтті!",- деп жазды Раушан Құдайберген жазба астына.

Димаштың миллиондаған жанкүйерлері Мансұрдың концерті жоғары деңгейде болғанын айтып, оған тек сәттілік тіледі.

Бұған дейін Димаштың Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірген жаңа бейнебаяны жарық көргендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді