Ая Қалиева Алматы хореографиялық училищесінің директоры болып тағайындалды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ая Қалиева Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры қызметіне Ая Жәкенқызы Қалиева тағайындалды", - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Ая Қалиева — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі (MBA), профессор, бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы.

1990 жылы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында "композиция" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын музыкалық колледжде оқытушылық қызметтен бастаған. Кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі, декан болды.

2008 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 2015 жылы Almaty Management University-де іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Кейінгі жылдары елдегі жетекші мәдениет және білім беру мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған:


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды