Актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Сурет: instagram.com/make_sakevich
Қазақстандық актер Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы 2025 жылғы 3 шілдеде Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Аллаға шүкір…" - деп жазды Шерниязов мекемеден шыққан сәтін және мешітке барғанын видео арқылы бөлісіп.
"Бұл рақымшылық та, шартты түрде босату да емес. Менің жаза мерзімім аяқталды, сол себепті шықтым. Алдымен орталық тергеу изоляторында болдық, кейін Павлодарда, соңында Алматыда отырдым. Қазір отбасымның жанындамын, өзімді жақсы сезініп жүрмін", - деді Шерниязов ZTB-ге берген сұхбатында.

2022 жылғы ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Мейірхан Шернияров пен Әзизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінді. Олар қамауға алынды.

2023 жылдың басында сот процесі басталғанда, прокурор миллиардтаған теңгеге жасалған алаяқтықтың егжей-тегжейін жария етті. Сол жылдың маусым айында үкім шығарылды. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шернияровқа қауіпсіздігі төмен колонияға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі