Астанада Джей Лоның концерті кезінде бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Сурет: wikimedia/Firdaus Latif
1 тамызда елордадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Jennifer Lopez өзінің Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, ауқымды концерттің өтуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында "Астана Арена" стадионы маңындағы "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Көлікті келесі орындарға қоюға болады:

Jennifer Lopez концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан "Астана Арена" стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:

"Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн", делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Дженнифер Лопестің Қазақстанда екі рет концерт беретіні белгілі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді