Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай "Қайраттың" жаңа жұлдызымен қалай "туыс" екендерін мақтанышпен айтып берді

Сурет: Instagram/aliokapov, Instagram/anarbekov_temirlan77
Кеше, 2025 жылғы 27 тамызда, қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов пен "Илигай" тобының солисті Ақерке Бүркітбай бейнежазба түсірді. Онда ерлі-зайыптылар еліміздің жаңа жұлдызы "Қайрат" құрамасының қақпашысы – 21 жастағы Темірлан Анарбеков жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы Оқаповтың айтуынша, ол матчтан кейін үйіне оралғанда, Акеркенің мәз-мейрам болып отырғанын көрген. Жолдасы себебін сұрағанда, Бүркітбай қысқа ғана: "Атырау, шеркеш" деп жауап берген.

"Кешегі "Қайраттың" қаһарманы, қақпашы Темірлан Анарбеков Еркенің жерлесі екен. Олар бір рудан болып шықты", – деп түсіндірді Әли бейнеде.

Сондай-ақ, 32 жастағы Акерке жұбайымен бірге Темірлан Анарбековке сәттілік тіледі:

"Кім болса да, қай рудан болса да, сондай бір мақтаныш сезімі бар. Оның ата-анасының жүрегінде не болып жатқанын елестете алмаймын. Онымен бүкіл қазақстандықтар қуанып, мақтанып отыр. Оған сәттілік серік болып, еңбегін ел лайықты бағаласа екен деймін".

Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылық клубты УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығарып, жұлдызға айналды.

Бір қызығы, матч аяқталған соң-ақ Темірлан Анарбековтің Instagram парақшасына он мыңдаған адам жазылып, пікір әр минут сайын жазылып жатты. Ойынға дейін оның 3 мыңнан астам оқырманы болған, қазір 51,2 мыңнан асып, әлі де артып жатыр.

Қазақстан
Бүркітбай Ақерке
Оқапов Әли

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев