Cахна саңлағы Сапар Өтемісұлы өмірден өтті

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның халық әртісі, танымал театр актері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Сапар Өтемісұлы 82 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Сапар Өтемісұлы – алпыс жылдан астам уақыт бойы өнерге адал қызмет етіп, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен, ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Ол жүздеген рөлдері арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді.

"Өмірін театрға арнап, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайраткердің еңбегі ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!", делінген көңіл айту хабарламасында.

Бұған дейін белгілі кинорежиссер, сценарист Сламбек Тәуекелдің дүниеден озғаны хабарланған.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады