Қайрат Нұртастың қалыңдық көйлегіндегі бейтаныс қызбен түскен суреті: Айдарбекова үн қатты

Сурет: Instagram/zhansulu.anuar_
Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қалыңдық көйлегіндегі бейтаныс қызбен бірге түскен суреттері пайда болып, бұл жайт желі қолданушылары арасында белгілі бір деңгейде түсінбеушілік тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурет авторы өз жазбасында былай дейді: 

"Өлшеулі ғана өмірде бақытты болу үшін келдіңіздер, әр адам бақытты болуға лайық. Кімге бақыт тілейсіз, кімге биыл ақ көйлек кию бұйырсын дейсіз сол жанға жіберіңіз, себебі кімге не жасасаңыз сол міндетті түрде сізге қайтып келеді!".

Бұл жазба желі қолданушыларының назарын бірден өзіне аударды. Сөйтіп суреттер астында әншінің отбасылық өмірі туралы белсенді пікірталас жүрді.

Бұл у-шуға Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова араласып, даулы жағдайға нүкте қойды:

"Қойыңыздар, бұл келіншек қалыңдық көйлегінің жарнамасына арнайы шақыртылған, оның отбасы, балалары, күйеуі бар. Екеуі шын үйленгендей етіп қойдыңыздар ғой. Осының не керегі бар: музыка қойып, жазба салып, адамдарды адастырып.  Админ, саған бұл хайп үшін керек пе?..".

Бұған дейін Баян Алагөзованың отбасылық суреті желіде қызу талқыға түскенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі