Ақтауда түркі елдерінің "Қорқыт ата" кинофестивалі шымылдығын түрді

Сурет: Instagram/turksoyorg
Ақтау қаласында Түркі әлемінің "Қорқыт ата" кинофестивалі салтанатты түрде ашылды. Қазан айының 1-5 күндері аралығында Маңғыстау өңірі түркі елдерінің режиссерлері, актерлері, продюсерлері мен көрерменін тоғыстырған рухани және мәдени орталыққа айналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кинофестиваль Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шара Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық кино ұйымдарын біріктіреді.

"Бұған дейін фестиваль Стамбұлда, Бурсада, Шушада және Анауда (Ашхабад) өтті. 2025 жылы алғаш рет Қазақстан түркі мемлекеттерін қабылдады. Себебі Ақтау қаласы биыл түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Ақтау шаһары түркі кинематографының жаңа орталығына айналды. Жиынға алғаш рет Мажарстаннан да мамандар қатысуда. Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімі "Достық үйінде" өтті. Фестивальде режиссер Думан Еркімбектің толықметражды алғашқы туындысы – "QAITADAN" фильмі көрсетілді. Бұл картина қазақ киносы тарихында алғаш рет мемлекет қолдауымен түсіріліп, 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинап, рекорд орнатты". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімде ҚР Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали сөз сөйледі. Оның айтуынша, "Қорқыт ата" кинофестивалін Ақтауда өткізу – үлкен мәртебе. Себебі Ақтауға биыл түркі әлемінің мәдени астанасы атағы берілді.

Фестивальдің байқау бағдарламасына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген келесі туындылар енді:

Фестиваль аясында жетекші кино қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, киносаммит, байқау және байқаудан тыс фильмдер көрсетілімі, сондай-ақ Маңғыстау өңірінің тұмса табиғатын таныстыратын мәдени бағдарлама ұйымдастырылмақ. Байқаудан тыс бағдарламада Кино орталығының "Қажымұқан" фильмі (реж. Қанағат Мұстафин) көрсетіледі.

4 қазанда фестивальдің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталады. Қазылар алқасы "Үздік көркем фильм", "Үздік режиссер", "Үздік сценарий", "Үздік актриса" және "Үздік актер" номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Бұған қоса, ТҮРКСОЙ-дың "Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығы да табысталады.

Бұған дейін алматылық "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкер Ұлықбек Шарипов Exeed көлігін сыйға тартқанын жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты