Әбілмансұр Сырманов IX Бейжің балет байқауында жеңімпаз атанды

Сурет: pixabay
21–27 қазан аралығында Қытайда Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) аясында IX Бейжің балет байқауы және Бейжің би академиясының форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған байқауда Қазақстанның намысын Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырманов қорғады. Финалда ол А. Аданның "Жизель" балетіндегі Альберттің вариациясын және заманауи би нөмірін орындап, алтын медаль иегері атанды.

Байқау қазылар алқасының құрамында әлемге әйгілі балет өнерінің майталмандары – Нина Ананиашвили, Владимир Малахов, Син Лили, Эрик Гильере және басқалары болды. Ал байқаудың кеңесшісі ретінде Сяо Сухуа, Джао Рухенг, Фэн Инг және өзге де танымал тұлғалар шақырылды.

Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бұл жеңіс Қазақстанның әлемдік балет сахнасындағы беделін арттыра түсетін маңызды жетістік екенін атап өтті.

Биылғы байқауға 10 елден келген 57 орындаушы қатысып, әлемнің жетекші балет мектептерін таныстырды.

Студенттердің Қытайға сапары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, CNPC және PetroKazakhstan компанияларының қолдауымен, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің ықпалдастығымен ұйымдастырылды.

Бұған дейін 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі мәдени фестивалінде өнер көрсететіні хабарланған.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды