"Халықаралық деңгейдегі үздіктер". Димаш Вьетнамдағы музыкалық фестивальге қатысады

Димаш Құдайберген, Вьетнам, музыкалық фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 22:31 Сурет: dimashnews.com
2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі мәдени фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ханой халықаралық көрме орталығының сахнасында географиялық шекараларды еңсеріп, музыканың ортақ тілі арқылы мәдениеттерді тоғыстырған әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар өнер көрсетеді, делінген Dimashnews.com сайтында.

Олардың қатарында:

  • Алиша Киз – 17 "Грэмми" сыйлығының иегері, әлемге әйгілі музыкалық икона;
  • Ван Май Хыонг – Вьетнам жұртшылығының сүйікті баллада орындаушысы;
  • Димаш Құдайберген – бүкіл әлем тыңдармандарын таңдандырған ерекше диапазон иесі, ғаламат дауысты әнші;
  • Aespa – жуырда "Rich Man" мини-альбомын шығарған музыка мен технологияның тоғысын бейнелейтін 4-буынның үздік K-pop тобы;
  • HIEUTHUHAI – миллиондаған қаралым жинаған рэп-орындаушы, "Anh trai Say Hi" шоуының жеңімпазы;
  • MAYDAYS – "Phép Màu" атты хитымен танылған инди-музыкадағы жарқын жаңа есім.

8Wonder Winter 2025 – Symphony of Stars музыкалық фестивальдер сериясының бесінші маусымын ашады. Бұл жобада әлемдік музыканың биік шыңдары таныстырылып, халықаралық деңгейдегі мәдени алаң қалыптасады.

Бұған дейін Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссері кім болғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: