Батырхан Шүкеновтің жалғыз мұрагері әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

Сурет: бейнежазба скриншоты
Әнші Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы Мақсұт Шүкенов марқұм әкесі жайлы жылы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі музыкант Батырхан Шүкенов 2015 жылы, 52 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Ал оның ұлы Мақсұт әкесінің жолын қуып, өзі де музыкант атанды. Жуырда ол "Еуразия" телеарнасындағы "Доброе утро, Казахстан" бағдарламасында сұхбат берді.

Жүргізушілер Мақсұттан:

"Батырхан қандай әке еді?" – деп сұрады.

Мақсұттың айтуынша, әкесі үйде өте сабырлы адам болған, бірақ жиі қатты шаршап келетін. Отбасы мүшелері оған әрдайым түсіністікпен қараған.


"Үйде ол демалатын, тынығатын. Фортепианода отырып, әдемі әндер орындайтын. Сол сәттердің бәрі жадымда сақталған. Ол өте мейірімді әрі жақсы әке еді", – деді Мақсұт Шүкенов.

Сондай-ақ, ол әкесінің музыкалық мұрасын жаңғыртып, оны келешекке аманат ету басты жоспары екенін жасырмады.

Бұған дейін Опера әншісі Мария Мудряктың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанғанын жазғанбыз.

Шүкенов Батырхан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды