Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды

Сурет: Instagram/meladzevalerian
Қырғызстанда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 желтоқсанда әншінің продюсері Павел Рудченко өзінің Telegram-арнасында бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, Қырғызстан билігі әртістің елде болуы кезінде қандай да бір саяси ұрандардың пайда болу қаупін болдырмау үшін осындай шешім қабылдаған. Себебі Валерий Меладзе 2022 жылы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден кеткен болатын.

Сондай-ақ, Павел Рудченко әншінің шығыс елдерінде концерт қоюға тыйым салынған әртістер тізіміне енуі мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, Валерий Меладзе өзінің 60 жылдық мерейтойына орай Орталық Азия елдерін қамтитын гастрольдік тур жоспарлаған.

Әншінің командасы бұрынғы ТМД елдерінің билік органдарына арнайы кепілдік хаттар жолдап, онда сол елдердің халықтарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін білдірген. Сонымен қатар концерттер барысында қандай да бір саяси сипаттағы әрекеттерге жол берілмейтініне уәде еткен. Бұл ұсынысқа Қазақстан мен Өзбекстан келісім бергенімен, Қырғызстан бірден бас тартқан.

Бұған дейін танымал қазақстандық музыкант Imanbek "Құрмет" орденімен марапатталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Меладзе Валерий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек