Қазақстандық ансамбль Малайзиядағы халықаралық фестивальде өнер көрсетті

Сурет: pixabay
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "GULDER" ансамблі Малайзияда өткен "ASEAN 2025" халықаралық музыкалық-мәдени фестивалі аясында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 16 желтоқсанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Ансамбль дәстүрлі және заманауи хореографиялық бағыттарды үйлестірген мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұжым "Аққу", "Асатаяқ", "Қуаныш думан", "Қарлығаш", "Дайрабай", "Қараторғай", "Тоқымқағар", "Қорқыт" хореографиялық қойылымдарын, сондай-ақ Малайзия, Моңғолия және Қытай халықтарының билерін орындады. Сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары мен "GULDER" ансамблінің жетекші әртістері өнер көрсетті.

"Мәдени диалог пен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болған концертті әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден астам көрермен тамашалады. Кейінгі үш жылда ансамбль Швеция, Франция, Германия, Латвия, Қытай және Түркия елдеріндегі беделді сахналарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда Бибігүл Төлегенованы әскери оркестрмен құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды