Димаш Құдайберген жаңа атаққа ие болды

Сурет: Instagram/ҚазҰМУ
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген құрметті профессор атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 17 желтоқсанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен мотивациялық кездесу өтті.

"Кездесу аясында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын табыстады",- делінген ақпаратта.

ҚазҰМУ студенттеріне арнаған сөзінде Димаш Құдайберген медицина мамандығының күрделілігі мен жауапкершілігін атап өтті:

"Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады", – деді Димаш.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда