Әлемнің экс-бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Сурет: Instagram/annakournikova
Жұптық разряд бойынша әлемнің экс-бірінші ракеткасы, ресейлік теннисші Анна Курникова төртінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықпен ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, сәби 17 желтоқсан күні дүниеге келген.

Мұндай хабарды күтпеген спортшының жанкүйерлері таңданыстарын жасырмастан пікір білдіріп, құттықтап жатты.

Бұған дейін, "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі дүркін чемпионы желідегі парақшасында ерекше отбасылық суретін де жариялаған. Онда теннисші – құс кейпіндегі костюмде, ал қыздары – асқабақ, ұлы – футболшы ретінде киінген.

44 жастағы Анна Курникова мен 50 жастағы испандық әнші Энрике Иглесиас 2001 жылдан бері бірге. Ерлі – зайыптылардың үш баласы бар: егіз ұлы Николас пен қызы Люси (2017 жылы 16 желтоқсанда туған) және екінші қызы Мэри (2020 жылы 30 қаңтарда туған).

Бұған дейін қазақстандық актер Мұрат Бисембиннің инсульт алып, ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі