Баста Ташкенттегі концертіне уақытында жете алмай, шоуды кейінге қалдырды

Фото: Zakon.kz
Баста лақап атымен танымал ресейлік әнші Василий Вакуленко Ташкенттегі концертіне уақытында жете алмай, кешті кейінге қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 12 ақпанда Астанада, 14 ақпанда Алматыда өнер көрсеткен. Ал келесі концерті 15 ақпанға Ташкент қаласында жоспарланған болатын. Алайда орындаушының Instagram парақшасында жарияланған видеосына сүйенсек, ұшақ Ташкентке қонар алдында кері бұрылған.

Жарияланымдарға қарағанда, әртіс діттеген жеріне автокөлікпен жетуге де тырысқан. Алайда бұл жағдай концерт кестесіне елеулі өзгеріс енгізіп, шоу 17 ақпанға шегерілді.

Сурет: Instagram/bastaakanoggano

Аталмыш жағдай өзге қалалар мен шетелден келген жанкүйерлердің көңілін қалдырды. Олардың айтуынша, көпшілігі жұмыс кестесін алдын ала реттеп, жолға шығып қойған. Сондай-ақ олар барып-қайту әуе билеттері мен Ташкенттегі қонақүй шығындарының зая кеткеніне наразы.

Кейбір жанкүйерлер реніштерін жасырмай, әншіні жауапсыздық танытты деп айыптады. Олардың пікірінше, кәсіби әртіс форс-мажорлық жағдайлардың алдын алу үшін концерт өтетін елге кемінде бір күн бұрын келуі тиіс.

"Әртіс концерт болатын елге кем дегенде таңертең келуі керек. Сонда тосын жағдай туындаса, мәселені шешуге уақыт болар еді. Мен басқа елден ұшып келдім. Енді менің барлық шығынымды кім өтейді?" – деп жазды пікір қалдырған жанкүйерлердің бірі.

Айта кетейік, Amre лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев 22 наурызда елордада алғашқы жеке концертін өткізбек.

Ресей
Өзбекстан
Баста

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі