Алматыда Димаш Құдайбергеннің құрметіне көрме ашылды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде "Димаш: бір дауыс – мың ел" атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды.

Көрменің ең әсерлі сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің музей қорына өзінің жеке домбыраларын табыстауы болды. Оның бірі – Димаш Құдайбергенге атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісі әншінің қолтаңбасы бар аспабы музей қорына сыйға тартылды.

Өз кезегінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне қазақтың ұлы ойшылы әрі композиторы Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты.

Көрме 1 ай көлемінде Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайы бойынша орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.

Бұған дейін 12 ақпанда Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік полицейлері шетелдік қонақтардың Қазақстанда қауіпсіз бағдар алуына көмектесуде

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Танымал бренд жеке алтын құймаларын шығарды

Алматының орталығында жазғы алаңы бар заңсыз дәмхана сүрілді