Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарды

Димаш Кудайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 11:41 Фото: Zakon.kz
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген 11 ақпанда өзінің YouTube-арнасында "Ғашықтық" атты жаңа композициясының тұсауын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клип минимализм стилінде түсірілген. Бейнебаянда 40 музыкант өнер көрсетеді. Видеоның режиссері – Ғалым Асылов.

"Қымбатты достар! Сіздерге деген шексіз махаббатым мен ризашылығымды сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келеді", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Ол продюсерлік жобасы – "Voice Beyond Horizon"-қа көрсетілген қолдау үшін ерекше алғыс білдіретіндігін атап өтті.

"12 ақпанда Hunan TV арнасында біздің "Voice Beyond Horizon" шоуының екінші бөлімі көрсетіледі. Алғашқы бөлімі менің YouTube-арнамда жарияланған. Елімізде амандық пен береке болсын! Баршаңызды құшақтаймын!" – деп үндеуін қорытындылады әнші.

Сонымен қатар, 14 ақпанда Qazaqstan телеарнасы бұл халықаралық телевизиялық жобаны эфирге шығарады. Шоудың көрсетілімі туралы хабарландыру арнаның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: