Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда заманауи қазақ прозасын дамытуға және авторларды қолдауға бағытталған "Қазіргі заманғы қазақ романы" әдеби жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шарада ҚР премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда бұл жобаның ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосатыны, заманауи қоғамдық үдерістерді зерделеуге ықпал ететіні, сондай-ақ уақыт тынысын, қоғамның жай-күйін және адам тағдырын бейнелейтін жаңа романдардың жазылуына жол ашатыны атап өтілген.

Министрлік мәліметінше, байқауға 3 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға сегіз автор шықты. Бас жүлдені "Кельндегі көкжал" романы үшін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздың туындысы экранизацияланады.

Сондай-ақ жеті автордың шығармалары 1000 дана таралыммен жарық көріп, арнайы жүлдемен марапатталды. Атап айтқанда:

  1. Думан Рамазан - "Сынақ",
  2. Қуаныш Жиенбай - "Аралқұмдағы ақырғы аялдама",
  3. Нұржан Қуантайұлы - "Опасыз ойын",
  4. Асқар Алтай - "Каскад",
  5. Мұрат Алмасбек - "Екі жағалау",
  6. Қуат Бораш - "Тәубе", 
  7. Айым Ақылтай - "Қарыз".

Салтанатты рәсімде үздік шығармалардың таныстырылымы өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін