Жазушы, әдеби сыншы Әмірхан Меңдеке 70 жасқа толды

Сурет: astana.tv
Алматыда публицист, жазушы, сыншы, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Әмірхан Меңдекенің 70 жасқа толуына орай республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында әдебиеттанушылар, ғалымдар мен шәкірттері бас қосты. Қазақ ұлттық университеті қабырғасында ұзақ жылдар ұстаздық етіп, бірнеше буын маман тәрбиелеген сыншының ғылым мен әдебиетке сіңірген еңбегі ерекше аталды. Конференция барысында әріптестері мен зиялы қауым өкілдері құттықтау сөздерін оқып, шығармашылық жолына тоқталды. Университет тарапынан құрмет көрсетіліп, мерейтой иесіне арнайы марапаттар табысталды, деп хабарлайды astana.tv.

"Әмірхан аға - Шер-ағаның ізін жалғаушы, әрі әйгілі Шерхан Мұртазаның шәкірті. Сол кісілермен, сол кісілердің мектебінен өткен. Әмірхан аға, біз "Жас Алашта" бірге жұмыс істедік. Бас редактордың бірінші орынбасары болып ұзақ жылдар бойы еңбек етті, "Жас Алашта" жүріп, қазақ журналистикасында өзіндік бір қолтаңбасымен танылған, кейінгі жастарға үлгі болған журналист". Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт

Бұған дейін Ақын Жадыра Дәрібаева "Парасат" орденімен марапатталғаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін