Алматыда "Ойыншықтар хикаясы 5" анимациялық фильмінің премьерасы өтті

Сурет: Руслан Зиганшин
17 маусымда MEGA Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығындағы "Chaplin Cinemas" кинотеатрында "Ойыншықтар хикаясы 5" анимациялық фильмінің көптен күткен премьерасы болды.

Бұл — Disney және Pixar студиясының талай жылдан бері бүкіл әлем көрермендерінің ең сүйікті хикаяларының бірі болып келе жатқан әйгілі франшизасының жаңа бөлімі.

Премьера қонақтарын "Ойыншықтар хикаясы 5" әлемінен шабыттанған қызықты ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды. Кинотеатр фойесі тематикалық фото аймағымен безендірілді, интерактив фото бөлмесі мен LED-экрандар жұмыс істеді.

Сурет: Руслан Зиганшин

Премьераға Қазақстан шоу-бизнесінің, киноиндустрия мен медианың танымал өкілдері келді, олардың арасында Әсел Сағатова, Ғалым Қалиақпаров, Данияр Өтеген (Ringo), Сәкен Қағаров, Ұлықбек Шәріпов пен Индира Еділбаева, сондай-ақ БАҚ өкілдері, блогерлер, серіктестер мен культқа айналған анимациялық серия табынушылары бар.

Көрсетілімнің бас демеушісі — киноафиша мен билет сатуды біріктіретін жетекші онлайн-платформалардың бірі — Kino.kz болды. Осының арқасында бұл шара шынымен де есте қаларлықтай өтті.

Қазақша дубляжға қатысқандар:

• Әбілмансұр Серіков – Созалақ, доктор Жаңғақ (Dr. Nutcase), Пицца;

• Бота Мия – Долли;

• Асан Мәжит – Тікенек мырза, Гном;

• Зарина Кармен – Трикси, Боннидің анасы;

• Шах-Мұрат Ордабаев – фильмнің қазақша және орысша нұсқаларында — Рекс, сонымен қатар қазақша дубляж режиссері.

Фильмнің орысша нұсқасында рөлдерді дыбыстағандар:

• Ахмад Хельми – Робот, Папа-Турист;

• Әлихан Лепесбаев – Вуди;​

• ⁠Бақтияр Байсерік – Атлас;

• Ольга Бобрик – Лилипад және орысша нұсқаның дубляж режиссері.Сондай-ақ, көрермендерге дубляж актерлері қатысқан эксклюзив бэкстейдж-видео дайындалды, олар кейіпкерлерді дыбыстау процесі жайында айтып берді және жоба жұмысынан алған әсерлерлерін бөлісті.

Сурет: Руслан Зиганшин

Disney соңғы жылдары қазақша дубляждалған оннан астам фильм шығарғанын айта кету керек, олардың ішінде: "Ойжұмбақ 2", "Моана 2", "Муфаса: Арыстан патша", "Ақшақар", "Лило мен Стич", "Аңдар шаһары 2" және студияның басқа да ірі релиздері бар.

Сурет: Руслан Зиганшин

Мультфильм туралы

Disney мен Pixar студиясының әйгілі франшизасының "Ойыншықтар хикаясы 5" деген жаңа бөлімінде көрермендер тағы да сүйікті кейіпкерлерін көреді. Осы жолы ойыншықтар мен технология арасында текетірес болмақ. Балақай Бонни үшін ең жақсы деген идеяларын ұсынған жаңа планшет құрылғысы — Лилипад пайда болып, Вуди, Базз Лайтер, Джесси және команданың басқа да мүшелерінің жұмысына қауіп төнеді. Бала ойыны бұрынғыдай болып қала ма?

Режиссері — "Оскар" сыйлығының иегері Эндрю Стэнтон, тең режиссер — Кенна Харрис, продюсер — Линдси Коллинз.

Фильмде Тейлор Свифт өзі шығарған және орындаған, Джек Антоноффпен бірлесіп продюсерлік еткен "I Knew It, I Knew You" деген түпнұсқа ән шырқалады.

Сонымен қатар, мультфильмнің түпнұсқасына Вуди, Базз Лайтер және Джесси кейіпкерлеріне дауыс сыйлаған Том Хэнкс, Тим Аллен және Джоан Кьюсак өз рөлдерін қайталады.

Серіктестік материал

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі