Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітап жарық көрді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қаһармандар" қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітаптың тұсау кесер рәсімі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cабыр Қасымов ұзақ жылдар бойы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында тер төгіп келеді. Nіпті арнаулы мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің басшысы болып та қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде ол жүйелі еңбек етті, деп хабарлайды 24.kz.

"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның офисін басқарды. Яғни, ол ісін жүйелеу деген сөз. Сонда үш жыл тұрақты қызмет жасап, орталық пен өңірлердің арасында комиссиялар құрып, кіші комиссиялар деп аталады. аудандардың архивіне дейін ақтаруға, ішінде көп ақтаңдақтарға жарық түсіруге себепші болды". Дихан Хамзабек, алаштанушы

Елорда өтіп жатқан ғылыми конференция "1920–1950 жылдардағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау саласындағы Сабыр Қасымовтың ғылыми-әдіснамалық қызметі" деп аталады. Маман өз жұмыстарында халықаралық тәжірибеге сүйенгенін жеткізді.

"Бұрын айтылмайтын, 1 млн 800-ден астам халық шетелге қашқан. Мұның бәрін бұрын "вынужденная откачевка" деді. Қазақтар өздері кеткендей. Шын мәнінде, халықаралық стандарт бойынша бұл "вынужденные беженцы", қашуға мәжбүр болған халық".Сабыр Қасымов, "Қаһармандар" қоғамдық қорының президенті

Шарада осы зерттеулер негізінде жазылған кітаптың тұсаукесері де өтті.

"23 том кітап жарық көрді. Оның алғашқы 10 томы Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда үкіметі және Алаш және түркі халықтарының азаттық жолындағы күресіне арналады. 2025 жылы Қазақстандағы Кіші Қазан қасіретіне қатысты еліміздің түкпір-түкпірінен, архивтерінен жинақталған 10 том жарық көрді".Құралай Сәрсембина, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры

Мұндағы негізгі мақсат - саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау, сондай-ақ ақталмай қалған тұлғаларға қатысты тарихи әділеттілікті орнату.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді