Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Фото: wikimedia/Jason Persse
2026 жылғы 14 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Ye, көпшілікке Канье Уэст деген атпен танымал өнер иесінің алғашқы концерті өтеді. Әлемдік жұлдыздың концерті әлі алда, алайда алаяқтар қызу сұранысты пайдаланып, ақша табуға әрекет жасап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясы интернет арқылы билеттерді заңсыз сатудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында алдағы концертке билеттер сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігітті анықтаған.

Ол сатып алушыларды алдап үлгермеген.

Осыған байланысты полиция қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге тағы да үндеді.

Айта кетейік, билеттердің ресми сатылымы шілде айының соңында басталған. Олардың бағасы 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін. Бұған қоса 10% көлемінде сервистік алым алынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады