Кэти Топурия қазақ тілінде ән айтты

Сурет: Instagram/keti_one_official, baigali_astudio и astudio_group
Қазақстандық-ресейлік танымал «А’Студио» тобы көп жылдан кейін алғаш рет қазақ тілінде ән шығарғалы отыр. Бұл туралы топтың солисі Кэти Топурия Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

39 жастағы грузин әншісі 18 тамызда қазақ тілінде ән айтып, оған билеп тұрған видеосын жариялады.

Жаңа композиция "Jañbyrdan soñ" ("Жаңбырдан соң") деп аталады. Әннің мәтініне қарағанда, топ бұл шығармасын "сүйікті қаласы Алматыға" арнаған.

Кэти Топурияның қазақ тілінде ән айтқан видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді. Қазақстандықтар әншіні мақтап, оған қазақ тілінде ән айту өте жарасатынын жазды. Сондай-ақ олар "А’Студио" тобын және жаңа әнді қолдауға шақырды.

Желі қолданушыларының пікірлері арасында:

Айта кетейік, "А’Студио" тобының негізін қалаушы әрі музыкалық жетекшісі – қазақстандық музыкант Байғали Серкебаев 2026 жылдың ақпанында Батырхан Шүкеновпен бірге түскен 38 жыл бұрынғы сирек фотосын жариялап, желіде үлкен қызығушылық тудырған еді.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау