Әнші қайғылы жағдайға қатысты сөзін 2026 жылғы 25 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялады.
"Ақтаудағы 18-19 жастағы қазақстандықтардың қазасын қабылдай алмаймын. Жүрегім ауырғаннан жарылып кетердей, сезімімді жеткізер сөз таба алмай отырмын. Олар енді ғана балалық шақтан шыға бастап еді, бірақ жас өмірлері тым ерте үзілді… Қаза тапқандардың ата-аналарына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүрегімнен көңіл айтамын".
Бұдан кейін өнер иесі Қазақстанда мұндай қасірет енді ешқашан қайталанбасын деген тілегін білдірді.
"Жандары жәннатта болсын. Қош болыңдар, бауырлар".
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағыс алып кеткен. Оның үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.