Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 26 қазанда Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының ашылу рәсімі мен бірінші кезеңі өтті6 деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқауды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды,

Республикалық байқау Әміре Қашаубаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге, дәстүрлі ән өнерін дамытуға және жас орындаушыларды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мұхит секілді халық композиторларының асыл мұрасын қайта жаңғырту көзделген.

Байқауға 41 өтінім түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша республикалық кезеңге 20-35 жас аралығындағы 22 әнші жолдама алды. Іс-шараның ашылуы қарсаңында қатысушылардың сахнаға шығу кезегі жеребе арқылы анықталды.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар орындаушылық шеберлігін, өзіндік ән айту мәнерін және дәстүрлі ән мектептерінің ерекшеліктерін қаншалықты меңгергенін көрсетеді.

Қатысушылардың өнерін әншілер мен бейінді оқу орындарының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Олардың қатарында Жақсыкелді Кемалов, Қайрат Кәкімов, Нұржан Жанпейісов, Шолпан Даржан және Гүлмира Сарина бар.

Байқау 27 қазанда аяқталады. Сағат 19:00-де іс-шараның жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін