Өнер иесі бірнеше суретін жариялап, кештен алған әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ Максим Галкин бұл театрды жақсы көретінін айта кетті.
"Бір жарым жыл бұрын осы театрда жеке концертімді өткізген едім. Әрине, кештің басты интригасын бақылау да қызықты болды. Мұнда Роналдо Гарри Кейннің жеңімпаз атанғанын жариялаған сәттің видеосын да бөлістім. Шыдамадым – басты жүлденің жанында суретке түстім", – деп жазды Максим Галкин.
Бұған дейін 2026 жылғы қыркүйекте танымал ерлі-зайыптылар Максим Галкин мен Алла Пугачёва Түркияның ең ірі қаласы Ыстанбұлға шаруаларымен барған болатын. Жүргізуші сапар барысындағы сәттердің бірін Instagram парақшасында бөлісті.